10 November 2023
“Ізгілікке қалам тартқан… жас ғұмыр”, “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Күзде біз жалықпаймын, кітап оқимыз” атты іс-шараға 5″А”,”Ә”,”В” сынып оқушылары арасында оқыған кітаптары туралы пікір таласа отырып, Н. Байғанин кітапханасына барып кітап оқып, кітап көрмелерімен танысып, рухани ой – өрістерін кеңейтті. Мақсатымыз оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту. Осы шараның өтуіне өз үлестерін қосқан сынып жетекшілері: С. А. Атюмбекова, А.Ж. Лайкова, А.Е. Төлегеновке ерекше алғыс білдіреміз.




