1 December 2023
2023 жылдың 27 қарашасында 6 “А”сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен “Қыпшақ хандығы” тақырыбында Lesson Study зерттеу сабағының бірінші сабағын тарих пәні мұғалімі Тобылбаев Еркін Теміржанұлы өткізді.
Сабақтың мақсаты:
6.3.1.3 X ғасыр – XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
6.3.2.4 қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау
Сабақ барысында диалогтық оқыту арқылы тарихи оқиғалар маңыздылығына баға берілді.
Қолданылған әдістер: “Бағыт бағдар”әдісімен үй тапсырмасын қорытып, “Аялдама”әдістерімен жаңа сабақтың мақсатын айқындап, “Тарихи карта” және
“Глоссарий”әдістерімен сабақ барысында мәтінмен жұмысты кеңірек зерттеп, “Пирамида” әдісімен саралау жұмыстарымен жұмыстанып, “Логикалық диаграмма” әдісімен жұптық жұмыстың өзектілігін айқындап,
рефлексия бөлімінде “Маған ой салды»” әдісімен шағын әңгіме сұхбатын жүргізіп, бағалау картасымен өзара бағалау жүргізді.












