6 December 2023
2023 жылдың 30 қарашасында 6 “Ә”сыныбында Жаратылыстану пәнінен “Табиғи қышқылдар және сілтілер” тақырыбында Lesson Study зерттеу сабағының екінші сабағын биология пәні мұғалімі Байменова Жансая Нурбергенкызы өткізді.
Сабақтың мақсаты:
6.3.2.2 тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау
Қолданылған әдістер: Сабақтың барысы Психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Жылы жүрек- жақсы тілек» тренинг өткізілді.” Білім шамы “әдісімен үй тапсырмасын қорытып, “Метафора”әдістерімен жаңа сабақтың мақсатын айқындап, әрі қарай сабақ PPP әдісі – (Presentation, practice, production «Танысу – тәжірибе – қолдану») бойынша өткізілді. Танысу бөлімінде бинеролик арқылы тақырыпты кеңінен түсіндірілсе, Тәжірибе бөлімінде 3 топта оқушылар тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны ажырата біліп әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау мақсатында тәжірибе жасалды. Қолдану бөлімінде жұптық және жеке тапсырмалар беріліп тақырыпты тереңірек зерттеп, Сабақ соңында оқушылардан кері байланысты Б.Б.Б. кестесі арқылы өткізді, индикатор түстері арқылы бағалау жүргізілді,рефлексия бөлімінде оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді. Бұл сабақта оқушылар тәжірибе жасаудың пайдасын түсініп тақырыпты толық меңгерді деп ойлаймын.