13 December 2023
2023 жылдың 08 желтоқсанында 6 “В”сыныбында математика пәнінен “Жақшаларды ашу. Коэффициент” тақырыбында Lesson Study зерттеу сабағының үшінші сабағын математика пәні мұғалімі Конысова Елизавета Петровна өткізді.
Сабақтың мақсаты:
6.2.1.5 жақшаны ашу ережелерін білу.
Қолданылған әдістер: “Өзіңді тексер”әдісімен үй тапсырмасын оқушылар өздері бағалап, қорытындылады. “Банкомат”әдісімен сабаққа кіріспе жасалды, яғни ережелерді қайталату мақсатында жеңіл еептер шығарды, “Жеке жұмыс” кезінде деңгейлік тапсырмалар орындалды, “Жұптық жұмыс” арқылы екі оқушы бірігіп “бос орынды толтыру” әдісімен көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін қолданып жақшаны ашуды қаншалықты меңгергендерін көрсетті, “Топтық жұмыс” кезеңінде 6 топқа сәйкесінше деңгейлеріне байланысты мәтін есеп бойынша постерлерін қорғап, жауаптарын “Принтер” әдісі бойынша тексерді. Сабақ барысында бағалау парағына өзін -өзі бағалау жүргізіп отырды.