Қош келдіңіздер!

“13 орта мектебі” КММ-де қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес   

13 December 2023

“Таңбалы тарих  – таңдаулы тұлға” тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция мақсаты: Қазақстанның Халық жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, драматург, аудармашы Тахауи Ахтанов туралы деректермен таныстыру, жас ұрпақтың білімге, әдебиетке деген құштарлығын ояту.

Қатысушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен мектеп оқушылары. Конференцияны  “Әдістемелік кабинет” КММ әдіскері Б.Т. Ералина ашып, спикерлер мен қатысушыларға сәттілік тіледі. Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Л.Т.Балгазиева, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандитаты К.Ә.Қондыбай, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы Г.М.Қуаныш баяндамалар ұсынды.

Конференцияның қорытындылау бөлімінде әділқазы мүшелері қатысушыларға алғыс айтып, марапаттады.