4 March 2024
27.02.2024жж. “№13 орта мектебі”КММ-нің 9-11сыпып оқушыларына №3 ҚПБ КТІЖ инспекторлары А. Омарова ,Г.Карымсакова және мектептің медбикесі С.Жусупова «Нашақорлық-тұйыққа апарар жол» тақырыбында түсіндірме-ағарту жұмыстарын жүргізді. Мектеп медбикесі нашақорлықтың зияны, оның адам ағзасына тигізер зардабы жайлы баяндап, мектеп инспекторлары кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарының есірткінің заңсыз айналамына қатысқаны үшін жауапкершілігі туралы ескертіп өтті. Іс-шараның мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру; жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын қалыптастыру.Қатысқандар: 70 оқушы