Қош келдіңіздер!

2023 жылғы 9 қарашада «Көкжиек» аға тәлімгерлер клубының мүшелеріне арналған «Көкжиек» тынысы» қалалық ұжымдық шығармашылық бағдарламасы өткізілді.

11 June 2024

Бағдарламаға 40-қа жуық қала мектептерінің аға тәлімгерлері қатысты. Аға тәлімгерлер педагогикалық өтілдеріне байланысты 3 топқа бөлінді. Әр топ бір елдің атынан шығып, «Көкжиек» клубының тынысымен таныстырды. Қатысушылар өз сәлемдемелерін дайындап, өнерлерін ортаға салды. Тәжірибелі аға тәлімгерлер жас мамандарға тапсырма беріп, ұжымдық шығармашылық қызметке тарта білді.