12 June 2024
Қалалық семинар-практикумнің
№1
Хаттамасы
Өтетін орны: «№13 орта мектебі » КММ Алихан Бөкейхан 6
Күні: 23.01.2024 ж
Қатысқандар:
Г.У Миндалина- «Әдістемелік кабинет» КММ бөлім меңгерушісі
Қалалық мектеп логопедтері № 65 ЖББОМ, №13 орта мектебі,
Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ , Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия
Тақырыбы: «Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беретін білім алушылардың ата-анасын қолдау қызметі, мамандардың бірлескен жұмыс түрлері» Мақсаты:Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналары мен мамандар арасында дұрыс қарым-қатынас орнату, үй тапсырмасын орындау дағдыларын дамыту, бірлескен жұмыс түрлерін дамыту.
Семинар-практикумнің күн тәртібі:
1.«Коррекциялық жұмыста ата-ананың алатын рөлі»
Құрлыс Ботагөз Сәлімғалиқызы № 65 жалпы білім беретін мектеп логопеді
2.«Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі; үйден оқитын оқушының ата-анасын сабақ процесіне тарту жолы».
Тельман Қамар Ғабитқызы «№13 орта мектебі» КММ-нің логопеді
3.«Ата-анаға мамандардың үй тапсырмасын тиімді ұсыну жолдары»
Мукатова Ақерке Нұрланқызы Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ арнайы педагогі
4.«Маман мен ата-ана арасындағы ынтымақтастық жайлы қарым-қатынасты орнату жолдары»
Нұрланова Дана Нұрланқызы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия логопеді
5.Сергіту « Көңілді қолшатыр»
- Рефлексия « Тыныс белгілері» № 13 мектеп психологтары: Керекова АА Туреева Г.З
Семинардың ашылуында мектеп директоры Н.Б Медеуов сөз сөйлеп,қатысушыларға сәттілік тіледі. Шараның бағдарламасына сәйкес аталған мектептердің логопед-дефектологтары өз тәжірбиелерімен бөлісті.Ерекше білім алатын оқушылардың ата-анасын қолдау қызметінің тиімді әдіс-тәсілдері мен бөлісті.Семинарға қатысушы тыңдаушылар ой пікірлері мен бөлісті.