Қош келдіңіздер!

Құрметті “№13 орта мектебі” КММ-нің ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА‼️

8 October 2024

📣ХАБАРЛАНДЫРУ📣

Құрметті “№13 орта мектебі” КММ-нің ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА‼️

 

🟦Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу. Осыған орай мектепішілік “Мектеп Президенті және Парламенті” сайлауы өтетінін хабарлаймыз!🔊

 

Мүшелікке үміткерлер мектеп өмірінің мәселелерін шешуде өз бағдарламаларын ұсынуы қажет.

Бұл бағдарламада мектеп өмірінің мәселелерін шешуде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы өз бетімен шешім қабылдау қабілеттерін арттыру, оқушыларды қоғамдық іс-шараларға қатысу белсенділігін көтеру мақсатында ұйымдастырылады.