23 October 2024
Бастауыш сыныптан орта мектепке өтуі – оқушылардың мектеп өміріндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады, ал 5-сынып оқушысының бейімделуі – бала өміріндегі әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық жағынан да қиын әрі жауапкершілігі мол кезең.
Осыған сәйкес биылғы оқу жылында 5 сынып оқушыларының бейімделу дағдыларын жеңілдету мақсатында оқушылармен жұмыстар жасалуда.Олардың ішінде ” Менің мектепке деген көзқарасым”,
“Социометрия”,”Менің сыныптағы орным”,Лусканова сауалнамасы” атты жұмыстар жүргізілуде.Жаңадан келген оқушыларды ортаға бейімдеу мақсатында әртүрлі ойындар мен сергіту жаттығулары орындалып және балалардың ой- пікірлері тыңдалды.Оқушылардың жалпы бейімделу жағдайлары жақсы өтуде.Жұмыстар жоспар бойынша жалғасын табады.
Мектеп психологы Керекова А.А.