Қош келдіңіздер!

Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ.

1 November 2024

Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында. Өскелең ұрпақтың болашағын айқындау мақсатында мектебімізде «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Қаралған мәселелер:

1.”Ата-аналарға жүйелі жұмыс тәсілдерін жасау мен балаларды оқыс жағдайлардан сақтау, зорлық-зомбылық, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу аясында бағыт беру.

2.«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу», «Алаяқтықтың алдын алу».

3.«Ғаламтор желісіндегі балалардың өміріне қауіп тудыратын ойындар мен тыйым салынған сайттардан сақтану».Жиналысқа қатысқан мамандар:1.Байдуашова Сандигуль Базаркуловна, Ақтөбе облысы білім басқармасының “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының әдіскері, психолог, педагогика ғылымдарының магистрі 2.Ақтөбе қаласы Алматы ауданы №3 ПБ полиция қызметкерлері Омарова А, Саймағамбетов А, Майманбаев Р