1 November 2024
Мектебімізде 30.10.2024 күні “Алтын күз” мерекесіне орай 9-11 класс оқушыларына арналған “Күз ханзадасы мен ханшайымы-2024” байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар
-Таныстыру
-Күзгі вальс
-Өнерлі жұп
-Сән үлгісі бөлімдері бойынша бақ сынады.
Байқау қорытындысы бойынша төрт кезеңде де өз шеберлігін көрсете білген
11 класс оқушылары Баққұл Қолғанат пен Амангелдіқызы Әдемі “Күз ханзадасы мен ханшайымы-2024” атағын иеленді. Байқау қорытындысы бойынша 1-орын иеленген 10 “Б” класс оқушылары Избасаров Ерасыл мен Құрбаниязова Жұлдызай,2-орын 9 “Ә” класс оқушылары Манарбек Салман мен Рзиева Жансая.3-орын 9 “А” класс оқушылары Нартай Абылай мен Майлыбай Мадина. “Күз ханзадасы мен ханшайымы-2024” байқауына белсене қатысқан 9 “Б” және 9 “В” класс оқушылары “Сүйкімді жұп”, “Өнерлі жұп” номинацияларын иеленді.Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!
Сайысқа қатысқан барлық білім алушыларға алғыс білдіреміз!!!!