Қош келдіңіздер!

6 November 2024

Ақтөбе қаласы «№13 орта мектебі» КММ-нің 2023-2024 оқу

жылындағы құқықтық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында

жүргізілген жұмыстардың қорытындысы.

       2023-2024 оқу    жылының басында құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жылдық жоспары,  Ақтөбе қаласы  Елек  ПБ Ішкі Істер Басқармасы   Ювенальдық полиция тобының  жасөспірімдер ісі жөніндегі  инспектормен № 13 орта мектебі»КММ  2023-2024 оқу жылындағы  бірігіп жасалатын  жұмыстар жоспары   құрылып жыл  бойы жоспарға сай жұмыстар атқарылды.

     2023-2024 оқу    жылында  мектеп әкімшілігінің, құқықтық  кеңес мүшелерінің және ата-аналардың және тәртіп бұзған білім алушылардың қатысуымен 10          құқықтық тәрбие мен құқық     бұзушылықтың алдын алу кеңесінің және 4  кезектен тыс отырысы өткізілді .

Мектеп ережесін бұзған, кешкі мезгілде көшеде жүрген  білім алушылар  және олардың заңды өкілдері  құқықтық кеңестің отырысына шақыртылды. Мектепішілік есепке алынған оқушылармен мектеп әкімшілігі тарапынан жұмыстар жоспарға сай жүргізіліп отырды.

     Мектепішілік «Тәуекел тобы» есебінде тұрған оқушылармен   мектепішілік жоспар бойынша психологтар тарапынан білім алушылардың  психикалық жәй-күйін анықтау мақсатында  түрлі сауалнамалар және  оқушылармен жеке сұхбаттасу сағаттары өткізілді.Үлкен үзіліс кезінде оқушылардың тәртібі бақыланды.  Түзету, дамыту жұмыстары және көңіл –күйлеріне  байланысты саулнамалар алынды. Мектебіміздің «Тәуекел тобы» есебінде тұрған жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен мектеп психологтары   оқушылардың  тұрмыстық-жағдайын зерделеу бойынша үйлеріне бару актісі, мінез ерекшелігін анықтау мақсатында «Темперамент» тесті,оқушының өзін-өзі бағалауын анықтау тесті,жағымсыз мінез -құлық бітістерін анықтау үшін “Кактус” әдістемесі, мазасыздығын анықтау үшін “Филлипс” тесті, депрессия, үрей, күйзеліс белгілерін анықтау мақсатында «ДАСС» тесті, агрессия және қастандық денгейін анықтау максатында «Басса Дарки» тақырыптарындағы  жеке түзету-дамыту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог, психолог, сынып жетекшілер  білім алушылардың үйлеріне барып, жеке түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

2023-2024 оқу жылында «Тәуекел тобы» есебіне 10 оқушы тіркелді. Барлық білім алушылар сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі тарапынан қадағаланып отырды.

       Құқық қорғау органдарымен бірлесе өткізген іс-шаралар:

 

         Ақтөбе қаласы  Елек  ПБ Ішкі Істер Басқармасы   Ювенальдық полиция тобының  жасөспірімдер ісі жөніндегі  инспекторлымен және учаскелік полиция қызметкелерімен жыл бойы жоспапға сай жұмыстар ұйымдастырылды.  22.09.2023 ж. мектеп инспекторы Г.Каримсакованың қатысуымен 6-8 сыныптардың ер балаларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тақырып:,,Мектептің ішкі тәртіп ережесі. Буллингтің алдын алу” https://www.instagram.com/p/CxnCeCvMdge/?utm_source=ig_we

       Кәмелетке толмағандар жөніндегі аумақтық полиция инспекторы А. Омарованың қатысуымен мектептің білім алушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында диалог—алаңы ұйымдастырылдыb_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Кәмелетке толмағандар жөніндегі аумақтық полиция инспекторы А. Омарованың қатысуымен мектептің білім алушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында диалог—алаңы ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/C3hPlP0sNeW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

       7.11 күні “Жол жүрісі қауіпсіздік апталығы” республикалық акциясы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында “Жүргізушіге хат” акциясы ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/p/CzvS12zMLaM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

  7.02.2024жж. ” №13 орта мектебі”КММ-нің 9-11сынып оқушыларына №3 ҚПБ КТІЖ инспекторлары А. Омарова ,Г.Карымсакова және мектептің медбикесі С.Жусупова «Нашақорлық-тұйыққа апарар жол» тақырыбында түсіндірме-ағарту жұмыстарын жүргізді. Мектеп медбикесі нашақорлықтың зияны, оның адам ағзасына тигізер зардабы жайлы баяндап, мектеп инспекторлары кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарының есірткінің заңсыз айналамына қатысқаны үшін жауапкершілігі туралы ескертіп өтті. Іс-шараның мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру; жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын қалыптастыру.Қатысқандар 70 оқушы. https://www.instagram.com/p/C32bEuBMrlY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

     19.02.2024 жылы  «Отбасы — тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заңнаманы қолданудың тиімділігі» тақырыбында ІІБ инспекторлары А. К. Омарова мен Г. Каримсакова 6-8 сынып оқушылары арасында дәріс өткізді. https://www.instagram.com/p/C3o8rAusO41/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Кәмелет жасқа толмағандар арасында профилактикалық іс-шара негізінде т”№13 орта мектебі” КММ —де  7 наурыз күні  5-11  сыныптың  білім алушылары арасында   мектеп  инспекторы А.Омарованың қатысуымен

“Құқықбұзушылықпен бірге күресейік” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Қамтылған мәселелер: Жастар арасында синтетикалық  есірткінің зияны мен нашақорлықтың  зардаптары, «Абайлаңыз, алаяқтар!», түнгі уақытта көшеде  жүру, электронды шылым шегу, себепсіз сабақтан қалу, мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау және буллингтің алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бейне жазба көрсетілу арқылы оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды.үнгі рейд жүргізілді.

    №13 орта мектебі” КММ —де 20 наурыз күні 4-9 сыныптың білім алушылары арасында мектеп инспекторы А.Омарованың қатысуымен
“Құқықбұзушылықпен бірге күресейік” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Қамтылған мәселелер: Жастар арасында синтетикалық есірткінің зияны мен нашақорлықтың зардаптары, «Абайлаңыз, алаяқтар!», түнгі уақытта көшеде жүру, электронды шылым шегу, себепсіз сабақтан қалу, мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

   17.04.2024 ж. 9-11 сынып оқушыларына №3ҚПБ полиция аға лейтенант А. Саймагамбетов “Синтетикалық есірткі”, ” Мопед жүргізудің ережелері”, “Өзгенің мүлкін ұрлау”, “Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің кешкі уақыты” тақырыптарында дәріс оқыды. https://www.instagram.com/p/C55NbO3sOjB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

 18.04.2024  күні   Ақтөбе қаласы Алматы ауданы№ 3 ҚПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры М. М. Успанов  және Ақтөбе қаласы Алматы ауданы УПИ ЖПҚ № 3 ҚПБ полиция лейтенанты А.М.Саймағамбетов« Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмау және  алдын алу» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

7.05.2024 күні Актобе облысы ПД
Тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы
Полиция полковнигі Кашкинбаев Самат Кенжебаевич, Ақтөбе қаласы Алматы ауданы УПИ ЖПҚ № 3 ҚПБ полиция аға лейтенанты Амин А, мектеп инспекторы полиция аға лейтенанты Омарова А.К, полиция майоры Л.Р.Исмаилов және полиция майоры Жугинисов Н «№13 орта мектебі» КММ бойынша оқушылар арасында « Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Наркобекет жұмысы

     2024 жылдың 9 сәуір күні Ақтөбе жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығының ұйымдастырумен М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті студенттері М.Қ.Жанаева мен А.Б.Амангелдиева мектебіміздің тәрбие орынбасарларына және сынып жетекшілеріне “АИТВ жұқпасы және ЖИТС ауруы” тақырыбында семинар—тренинг өткізді. https://www.instagram.com/p/C5id4o1sOVP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==       

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Зорлық—зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік” жоспары негізінде “Зорлық —зомбылықсыз балалық шақ” апталығы аясында 1-4 сыныптар арасында “Бақытты балалық шақ” тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.1 декабрьhttps://www.instagram.com/reel/C0Uh0nzMaz2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Түнгі рейд бойынша жұмыстар:

Қалалық білім бөлімінің бұйрығы негізінде құқықбұзушылықтың алдын—алу, оқушылардың түнгі қозғалысын бақылау мақсатында сенбі, жексенбі  және каникул күндері түнгі рейдтер  ұйымдастырылды.

    https://www.instagram.com/p/C7LiuFtMhmL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/p/C55aoVds6rh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/p/C3hOHmqMhND/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығы “ КММ-нің бірлесе өткізген іс-шаралар:

   “№13 орта мектебі” КММ —де  16 сәуір күні «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығы “ КММ-нің теолог маманы Мәди Орынбайұлы Орынбаймен «ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты: жастардың діни сауаттылығын арттыру, рухани тұрғыда байыту, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпымызды білім алушылар санасына сіңіру, дәстүрлі емес бағыттағы ағымдардан сақтандыру. Кездесуге 100-ге жуық білім алушы https://www.instagram.com/p/C526RXqMw_8/?utm_source=ig_web_copy_link

5.Ата-аналар кезекшілігі.

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында  қалалық білім бөлімінің бұйрығы  негізінде  мектепішілік бұйрық шығарылып  ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/C7LiKZCsqRj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==2

   15.04-19.04.2024 аралығында  «Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында  құқықтық  апталық ұйымдастырылды. Құқықтық апталықтың аясында  сынып сағаттары өткізілді. Құқықтық апталықтың жоспарына сәйкес 6-7 сынып  оқушылары  арасында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында    сауалнама жұргізілді. Сауалнаманың мақсаты: «  Бала құқықтары туралы Конвенцияның »негізгі ережелері туралы, өз құқықтары туралы  білімін анықтау. Сауалнама анонимді түрде жүргізілді.   «Өз  құқығыңды білесің бе?»  тақырыбында  өткізілген сауалнама  нәтижесі оқушылардың құқық  туралы білім  деңгейлері  жақсы екендігін көрсетті. Ата-ана, мұғалімдер тарапынан оқушылардың құқығы бұзылмайтындығы,  мектеп қабырғасында құқықбұзушылық оқиғалары болмайтындығы анықталды. Оқушыларда сауалнама  толтыру барысында  қиындықтар кездескен жоқ. Апталық шара жоспарына сай «Балауса» қыздар ұйымының кезекті отырысы өткізілді. Отырыс тақырыптары” «Ерте жүктіліктің қауіп-қатері», «Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?»
Мектеп медбикесі: Жусупова С.
Мектеп психологтары: Керекова А. Тастаева С.
Ұйым жетекшілері: Аманғалиева Г. Шерджанова С. https://www.instagram.com/reel/C5kTMq2o4f_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

         Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Мейірім”аналар клубының жоспарына сәйкес”13орта мектебі”КММ-де 21ақпан күні”Қыз намысы-ұлт намысы”тақырыбында кездесу өткізілді.
Мақсаты:Қыз балаларға адамгершілік,адалдық,іс-қимыл,жүріс-тұрыс дағдысы,қыз намысы,сымбаты туралы жан-жақты мәлімет беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік,әдептілік,сыпайылық пен тазалық қасиеттерін дамыту.

https://www.instagram.com/p/C7MHLrYsdrN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Өткізген клуб мүшелері Авельева Г.О. Майханова К.Н. https://www.instagram.com/p/C31gACgIMPM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

     Білім алушылардың құқықтық анасын қалыптастыру, құқық бұзушылыққтың алдын алу мақсатында  ұлдар және қыздар клубтары ұйымдастырылды.

22.09.2023 күні ұлдар жиналысы өткізілді.Жиналыста мектептің ішкі тәртіп ережесі , буллингтің алдын алу, балалардың бос уақытын ұйымдастыру туралы айтылды. Жиналысқа 9-11 сыныптың ұлдары қатысты. https://www.instagram.com/p/CxmTjmqIIuX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

22.09.2023 күні 6-11 сыныптың қыз  балаларының қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыс қыз және ер балаларға бөлек өткізілді. Қаралаған мәселелер: мектептің ішкі тәртіп ережесі, құқық бұзушылықтың алдын алу, қыз баланың қоғамдағы орны, қоғамдық ортада қыз баланың өзін-өзі ұстауы.

https://www.instagram.com/p/CxmTmFJoS30/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 

Қаңтар айының 23 күні “ Қайсар” ер балалар клубының жетекшілері мен бірге “Жақсылар жолымен” еріктілер тобының мүшелері қар астында қалған қарт Оля әженің ауласын қардан тазартты.

“Жақсылық жасап жарысайық!” ұранымен бастаған мектеп басшысы мен ер мұғалімдері сонымен қатар “Жақсылар жолымен” атты еріктілер тобы мен Ер балалар клубының жетекшісі Ғали .Р.Ғ және клуб мүшелері мектеп ауласын қардан тазалауға ат салысты

Қыздар жиналысы          Күні: 14.02.2024 жыл

Тақырыбы: Қыздар  тәрбиесі  (дәріс, кеңес)

Мақсаты: Қыз баланы тәрбиелеу, құрметтеу, ізет білдіру туралы жалпы кеңес беру. Қыз балаларға жеке гигеналық тазалық, осы өмірдегі болашақ ана ретіндегі міндеттері туралы, сонымен қатар, қыз балалрға қандай қылықтардың ересі екені туралы түсінік беру.

Қатысушылар: медбике, мектеп психологтары, класс жетекшілер

Қатысқан қыздар саны:  98 оқушы

Сыныбы: 8-11 сыныптар

  1. Жүргізілу барысы: Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті екенін айта отырып, қыз бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлу керек екендігін ескерту. Медбике «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, кеңестер берді.
  2. Қорытынды: Жалпы «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, білім ордасындағы мұғалімдер де жауапты болып отыр.

 

Буллингтің және кибербуллингтің  алдын алу

Оқу жылының басында буллингтің және кибербуллингтің  алдын алу мақсатында жұмыс жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес жыл бойы жұмыстар өткізілді.

 Хаттама 

 Ақтөбе қаласы,  10.10.2023ж

 

Тақырыбы:«Буллинг дегеніміз не?»

   

Қатысқандар:

  1. Мектеп психологтары: А.А.Керекова, Г.З.Туреева
  2. Класс жетекшілер
  3. 6-8 класс оқушылары – 298

Күн тәртібінде қаралған мәселе:

  1. «Буллинг дегеніміз не?» сұрақ – жауап (оқушылардың ойын білу)
  2. Буллинг, кибербуллинг ұғымын түсіндіру – мектеп психологтары
  3. Видеоролик көрсету

Тыңдалды:

Буллинг дегеніміз не?

Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін.
 -адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу; -оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру; -сол    жайында өсек тарату; -ренжітетін жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою;-оны елемеу немесе жекелету:-ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру;-қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту.

Буллинг -онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай

жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:-уайымдау;-ұйқының бұзылуы;-тәбеттің болмауы;-өзі жайлы жаман ойлау;-өз-өзіне физикалық зақым келтіру;-өлім туралы ойлау;

-сабақ үлгерімдерінің нашарлауы;-ауыру;-«маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау;-өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану;-қорқу.

Есіңе сақта:

-Ешкімнің сені қорлауға құқы жоқ.

-Буллинг сенің достарыңның, отбасыңның, мектептегі балалардың немесе бөтен    адамдардың тарапынан болуы мүмкін, қалай болған жағдайда да, ол дұрыс емес және  бұлай болуға тиіс емес.

-Буллингті тоқтатуға және өзіңді бағалауға үйренуге болады.

Ұсыныс:

  1. Буллингке куәгер болып немесе ұшыраған жағдайда ата-анаға, үлкендерге ескерту.