Қош келдіңіздер!

Психологиялық қызмет бойынша  мектеп оқушыларының  түзету-дамыту жұмыстарының негізгі мақсаты

7 January 2025

Психологиялық қызмет бойынша  мектеп оқушыларының  түзету-дамыту жұмыстарының негізгі мақсаты — қарым-қатынастағы кедергілерді жеңу, өзін және өзгелерді дұрыс түсінуді дамыту, психикалық шиеленісті шешу, әлеуметтік дағдыларды көрсету үшін мүмкіндік құру болып табылады.
Бала құрдастарымен жеңіл қарым-қатынасқа түсе алады, өз сезімін жеңіл көрсете алады және басқалардың сезімдерін жеңіл түсіне алады. 2 “Б” сынып оқушыларының көңіл-күйлерін сергіту және оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас,оқуға деген қызығушылығын арттыру   мақсатында ойын-жаттығулар өткізілді. Мектеп психологы А.А.Керекова