Қош келдіңіздер!

Психологиялық қызметтің жоспары бойынша 6 сынып оқушыларының қыз балаларымен ” Жасөспірімдердің жеке бас гигиенасы” тақырыбымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

1 March 2025

Психологиялық қызметтің жоспары бойынша 6 сынып оқушыларының қыз балаларымен ” Жасөспірімдердің жеке бас гигиенасы” тақырыбымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында: «Ұлтымыз қыз баланың ізеттілігі мен мәдениеттілігін — сыртқы бет-пішіні мен киім киісіне қарап бағалаған. «Қыз – өмірдің гүлі»,«Қыз – халықтың гүлі, өлең – сауықтың гүлі»деген даналардың сөзі бар. Сол себепті, қызы тәрбиелі елдің болашағы зор болмақ.Қыз бала тек сұлулығымен емес, бойына біткен мейірімділік, нәзіктік сияқты қасиеттерімен де көрікті екендігі түсіндірілді.Сонымен қатар гигиена дегеніміз не,шаш,тері,бет т.б күтімі туралы әңгіме қозғалып,пайдалы кеңестер берілді.
Пікірлесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Мектеп психологы Керекова А.А.