Қош келдіңіздер!

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесін талқылауға арналған ” Ұлағат” мектепшілік оқырмандар клубының кеші ерекше әсерлі өтті.

19 May 2025

Бердібек Соқпақбаевтың бұл туындысын терең түсініп, басты кейіпкер Қожаның бойындағы қайсарлық, шынайылық қасиеттерін талдады. Шара барысында қатысушылар көріністер қойып, шығарма бойынша пікірталасқа түсіп, өз ойларын ортаға салды. Домино әдісімен шығарма эпизодтарынан нақты дәлелдер келтірді.
Қожаның тапқырлығы, шынайылығы мен еркіндігін оқушылар өз өміріндегі сан қилы қызықты сәттерімен салыстырып, маңызды ой түйді. Кеш қызықты талқылаулар мен шынайы эмоцияларға толы болды. Бұл шара кітап оқуға деген құлшынысты арттырып, әр қатысушыға шабыт сыйлады. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани әлемін байытты.
Іс-шара соңында клуб жетекшісі А.Г.Давлетова белсенді қатысушыларға, мектеп кітапханашысы Г.Жалашеваға алғыс білдірді. Мұндай әдеби кештер жасөспірімдеріміздің шығармашылық қабілетін дамытып, төл әдебиетімізге деген сүйіспеншілігін арттырады. “Ұлағат” оқырмандар клубы алдағы уақытта да осындай танымдық мәні бар шаралар өткізуді жалғастырады.