Қош келдіңіздер!

“Демалыста кітап оқимыз” танымдық сағаты

29 October 2025

Күзгі каникул кезінде” №13 орта мектебі” КММ кітапханашысы Г.К. Жалашеваның ұйымдастыруымен “Демалыста кітап оқимыз” атты танымдық сағат өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және рухани байлығын дамытуға бағытталды.

Іс-шара барысында балалар өздері оқыған сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, қызықты үзінділер оқыды. Сондай-ақ, түрлі ойындар мен сұрақ-жауаптар арқылы әдеби кейіпкерлер әлеміне саяхат жасады.

Кітапханадағы жылы жүзді кездесу оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, демалыс күндерін мазмұнды өткізуге мүмкіндік берді.