Добро пожаловать!

Миссия школы

Мектеп миссиясы:

      Бүгінгі таң — жаһандану, жаңа технология мен инновацияның дамуы, жаңаша ойлау және болып жатқан өзгерістерге жаңаша көзқарастың пайда болу заманы. Уақыт үлгертпейтін өзгерістердің қарқындылығы білім беру жүйесінде жаңаша көзқарастың қажетін талап етуде.


     Білім беру құндылықтарын талқылай келе, білім беруді дамытудың заманауи трендтеріне, былайша айтқанда білім беру үрдістеріне көз жүгіртуге тура келді. Табысты мектеп мәдениетіне қол жеткізу жолдарымен алып, танысып, оқушылардан алынған сауалнама нәтижесінен шыққан проблеманы басты назарға алып, мектеп миссиясын: Оқу-тәрбие  үрдісін жүйелі жаңашыл бағытта ұйымдастыру және  педагог кадрлардың кәсіби даму аймағын құру, сапалы білім мен саналы ұрпақ моделін жасау деп алынды.


   VUKA әлеміндегі, құбылмалылықтың сипаты мен жылдамдығы, қалт-құлт еткен заманда болжау мүмкіндігінің болмауы, тосыннан келген мәселер мен оқиғаларды түсіну мен түсіндіру, күрделіліктің яғни, мәселердің шиеленісуі, түсініксіздіктің я шынайылықтың бұлдырлығын ескеріп, бейімделуге талпынған ғасырда инновациялық технологиялар мен өнімді қарым-қатынастарға негізделген орта құру арқылы мектеп миссиясын табысты мектеп мәдениетін құру арқылы болжаймын.


    2023-2024 оқу жылында мұғалімдер үлесінің 15%-ы ҚМЖ-ына Сакити Тайоданың 5неліктен? Гиббстің рефлексивті циклы арқылы сыни рефлексия жасайды. Сауалнам алу арқылы зерттеу сұрағын айқындайды.


   2024-2025 оқу жылында мұғалімдер үлесінің 20%-ы жаратылыс-математикалық бағыт пән мұғалімдері сабақты зерттеу топтарында сабақты жоспарлауды, бақылауды, талдауды және «бақылаудағы» оқушыларды анықтауда басымдық көрсетеді. Сабақты зерттеуде жоспар құру, ҚМЖ-ғакері байланыс беру, талдау дағдылары қалыптасады. Өзара тәжірибе алмасады.
Мектеп мәдениеті 2025-2026 оқу жылдары мұғалімдердің 25%-ы құндылыққа негізделген белсенді орта құру арқылы колаборативті қоғамдастыққа айналады.


   Ұлы данышпан Абайдың сөзімен қорытындылар болсам,  …Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.