Добро пожаловать!

Базаргалиева Галия Енсеповна

26 октября 2023

          1970 жылы 27 тамызда, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Құмқұдық  ауылында өмірге келді.

1977-1985 жылдары Абай атындағы  орта мектебінде  білім алды.

1985  жылы  8 сыныпты аяқтаған соң, Ақтөбе гуманитарлық колледжіне «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш кластарын оқыту» мамандығы бойынша  оқуға түсіп, 1989  жылы аяқтады.

1991 жылы Қ.Жұбанов атындағы педагогикалық институттың «Бастауыш мектеп педагогикасы мен методикасы» мамандығы бойынша оқуға түсіп 1995 жылы аяқтады.

1989  жылы Темір ауданы, Абай  орта мектебінде өз жұмысын бастады.

2000 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Ақтөбе қаласындағы №13 орта мектебіне бастауыш сыныптар мұғалімі болып жұмыс жасайды.

2011 оқу жылынан бастап мұғалімдікпен қатар директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары  болып жұмыс жасайды.

Еңбек өтілі — 33  жыл, санаты – педагог — зерттеуші.