10 ноября 2023
«Ізгілікке қалам тартқан… жас ғұмыр», «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Күзде біз жалықпаймын, кітап оқимыз» атты іс-шараға 5″А»,»Ә»,»В» сынып оқушылары арасында оқыған кітаптары туралы пікір таласа отырып, Н. Байғанин кітапханасына барып кітап оқып, кітап көрмелерімен танысып, рухани ой — өрістерін кеңейтті. Мақсатымыз оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту. Осы шараның өтуіне өз үлестерін қосқан сынып жетекшілері: С. А. Атюмбекова, А.Ж. Лайкова, А.Е. Төлегеновке ерекше алғыс білдіреміз.




