Добро пожаловать!

«БАЛАЛАРДЫҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ-ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЖЕТІЛМЕУІН ОЙЫН ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ТҮЗЕТУ»

20 ноября 2023

    Ойын – бұл көп жақты түсінік. Бұл сол үрдіс кезінде ересектердің балаларға талабы, балалардың өздеріне деген талабы тәрбиеленетін сабақты, көңіл көтеруді, сайысты, жаттығуды, тренингті білдіреді. Неміс психологы карл Гросс 19 ғасырдың соңында алғаш болып ойынды жүйелі зерттеу талпынысын жасады. Гросс ойынды мінез-құлықтың бастауыш мектебі деп атайды. Гросс бойынша, ойындар түрлі физикалық және психикалық күштерді жаттықтыру үшін қызмет етеді, ойынның көзі биологоиялық механизм .
Ян Амос Каменский (1592-1670) – чех философы, ойын баланың табиғаты мен бейімділіктеріне жауап беретін қажетті әрекет түрі деп ойлаған. Ойын – баланың қабілетінің барлық түрлері дамитын ақыл-ой әрекеті; ойынның барысында қоршаған әлем туралы түсініктер шеңбері байытылып, кеңейеді .
Отандық зерттеушілер мен педагогтардың (Е.И.Тихеева, Ф.Н.Блехер, А.И.Сорокина, Е.Ф.Иваницкая, Е.А.Удальцова) еңбектерінде пішінмен, көлеммен, түстермен, кеңістікпен және дыбыстармен танысу секілді баланың сенсорикасының қалыптасуы жүретін көптеген дидактикалық ойындар берілген.
Қазіргі кезде отандық педагогикада, ғылымда балалардың ойындарының бірнеше жіктемесі қолданылады .
Барлық ойындарды екі топқа бөлуге болады:
1. Шығармашылық ойындар (сюжеттік-рөлдік);
2. Ережелері бар ойындар (дидактикалық ойындар).
Бірінші топ – ересек адам дайындық және ойынның барысы кезінде жанама қатысатын ойындар. Балалардың белсенділігі шығармашылық сипатта болады.
Екінші топ – ересек адам қандай да бір нәтижеге жету үшін балаға бекітілген бағдарламаны беріп, ойынның ережесіне хабардар ететін түрлі оқытушы ойындар .
Ойын барысында тек қана баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырмай, сонымен қатар байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту, грамматикалық формаларды меңгеру секілді дағдыларын да қалыптастырады.
Байланыстырып сөйлеу ойлау әлемінен бөлінбес құбылыс. Байланыстырып сөйлеу – ойлаудың байланыстылығы. Байланыстырып сөйлеуде баланың ойлау логикасы, қабылдағанын түсініп, дұрыс, анық сөйлеу арқылы білдіру бейнеленеді.
Бала тұлғасының жан-жақты дамуындағы ойынның мәні.
Ойын- балаларға түрлі заттармен әрекет жасауға, қарым-қатынас тәсілдері мен құралдарын үйретіп, тәрбиелеу мақсатында ересек адамдар қолданатын балалар әрекетінің бір түрі. Ойын барысында бала тұлға ретінде дамиды, балада барлық психикалық жақтары қалыптасады.
Ойын кезінде балада ұжымдық қасиеттері қалыптасады. Баланың тек адамгершілігі ғана емес, сонымен қатар оның интеллектуалдық ортасы ауысады, өйткені ұжымдық ойында ортақ ойын мақсатына жету және тұрмыстық мазмұны дамиды.
Ойын барысында балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу. Ойын кезінде қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу үрдістері дамиды. Бұл негізгі психикалық үрдістер, олардың жеткілікті дамуынсыз үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу туралы айтуға да болмайды. Баланың ойлау қабілетінің даму деңгейі оның әрекетінің сипатын, оның жүзеге асырылуының ақыл-ой деңгейін анықтайды. Бала өз әрекетінен көп тәжірибе, тәрбиешілер мен ата-анасынан жаңа нәрселерді үйренеді.
Ойында баланың адамгершілік нормаларды меңгеруі жүреді, әрекеттерді орындауға жауапкершілігі артады. Психолог Д.Б.Эльконин бұл үрдістің үш сатысын көрсеткен.
Логопедиялық сабақтардағы қолданылатын ойын тәсілдері.
Бағдарламалық материалды меңгеруге кері әсер ететін және оқыту үрдісін баяулататын ұсақ моториканың, байланыстырып сөйлеу, сөздік қор, лексико-грамматикалық қатар, буындық құрылым, фонематикалық қабылдау, дыбыстау бұзылыстары бойынша түзету жұмысында оқытудың тиімді тәсілдерін қолданған жөн.
Логопедиялық тәжірибе ойын оқушылардың білім, білік, дағдыларды жақсы меңгеруіне ықпал ететінін көрсетеді. Ойын түзету жұмысының маңызды бағыты болып табылады.
Ойын жаттығулары білімді белсендіруге, оқытылатын бағдарламаны сәтті меңгеруге ықпал етеді. Ойын оқушылардың осы уақытқа дейін дейін алған білім, білік және дағдыларын тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. ойынды қолдану оқушының ойлау әрекетін белсендіріп, эмоционалды әрекетін жоғарылатады, тіл құбылыстарына деген қызығушылығын тудырып, дамытады. Әсіресе ойын дайындық жаттығуларын І кезеңде дыбысты дыбыстауды түзету, оқу мен жазу дағдыларын дұрыс қалыптастыру, сонымен қатар фонематикалық дислалия мен акустико-артикуляциялық дисграфияның алдын алу кезінде қолдану мақсатты болып келеді.
Бәріне белгілі жаттығулар: «Күрекше», «Жалпақ тілді ұру», «Сылақшы», «Самосвал», «Саңырауқұлақ», «Ат шауып келеді», «Фокус», «Атты тоқтат», «Ара», «Кімнің әні?», «Кім келгенін тап», «Әріпті тап», «Бұл дыбыс қай үйде тұрады?», «Иә» және «жоқ», «Дыбысты тап», «Керек түсті тап», «Алақанмен шапалақта», «Дыбыс № ата», «Бұл қай дыбыс?», «Сөзде неше дыбыс бар?».
Қорытынды
Тілдің фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бар балаларға арналған мәселе бойынша отандық және шетел мамандарының еңбектерінің анализі қазіргі кезде тілдің фонетикалық-фонематикалық жетілмеу мәселесі көптеген мамандардың назарын аудартатынын көрсетті.
Фонетикалық-фонематикалық жетілмеу — әр түрлі сөйлеу кемістіктері бар балаларда фонемаларды айту мен қабылдау кемістіктерінің салдарынан ана тілінің дыбыстау жүйесінің қалыптасу үрдісінің бұзылысы. Тілдің фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі кезінде дыбыстар тобы мен жұптардың дифференциалданбаған дыбысталуы, артикуляциясы қарапайым, бала үшін дыбыстау қиындығын аса тудырмайтын бір дыбыстардың басқалармен алмастырылуы, дыбыстардың араласуы байқалады.
Тілдің фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бар мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойын әрекеті бұл балалардың тұлғасы мен интеллектінің жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай ретінде өз маңызы мен рөлін сақтайды. Бірақ дыбыстаудың жетіспеуі, сөздердің дыбыстық бейнесін нақты қабылдаудың жеткіліксіздігі, бұның барлығы әр түрлі дәрежеде ойын әрекетіне әсерін тигізеді.
Балалардың жан-жақты дамытушы басты әрекеті ойын болып табылатын ойын әрекетінің мәні ойын тәсілдерін логопедиялық жұмыста қолдануға мүмкіндік береді. сонымен қатар түзету әсерлері кезіндегі түрлі әдістер ішінде ойынды бірінші орынға қояды. Сабақта ойынды және жеке ойын әрекеттерін қолдану арқылы тілдің фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бар балалармен түзету жұмысы кезінде пайда болатын қиындықтар қатарын түзетуге болады.
Сонымен, логопедтің жұмысы әдеттегі тәрбиешінің шараларына қарағанда көп мөлшерде ойын тәсілдері мен жеке ойын әрекеттерін қолдануды талап етеді. Сонымен қатар дидактикалық ойындардың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар ерекше тәрбиелеу мәніне ие. Ойындар дербес тілдік әрекеттік дамуының маңызды құралы болып табылады.
Сол уақытта, зерттеу анализі көрсеткендей, бұл мәселенің кейбір аспектілері қосымша зерттеуді талап етеді; логопедиялық жұмыста ойынды қолдану мәселесіне басты мамандардың көптеген жұмыстары арналған. Олар тілдің фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бойынша көптеген ойын тәсілдерін жасап, ұсынған. Тілдің фонетикалық-фонематикалық жетілмеуін түзету оңай үрдіс емес, сондықтан балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, логопедиялық жұмыс түзетудің түрлі амалдарын қажет етеді.

  Мұғалім-логопед: Тельман  Қ.Ғ