Добро пожаловать!

Өмірдің мәні

6 декабря 2023

2023 жылдың 1 қарашасында 6 «А»сыныбында   қазақ әдебиеті пәнінен  Абай Құнанбайұлының қара сөзіне  байланысты «Өмірдің мәні» тақырыбында   Lesson Study зерттеу сабағының  екінші сабағын қазақ тілі мен әдебиеті  пәні  мұғалімі  Лайкова Акбота Жалгасбековна  өткізді.

 Сабақтың мақсаты:     

6.1.2.1.Әдеби шығармада көтерілген  әлеуметтік –қоғамдық  мәселені идеясы арқылы  түсіндіру;

6.2.3.1. шығармадағы көркем ауыстыруларды ( троптарды:  метафора,  кейіптеу,  метанимия,  гипербола,  литата,  аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау Сабақ барысында диалогтық оқыту арқылы тарихи оқиғалар маңыздылығына баға берілді.

Қолданылған әдістер:  » Ең,ең…» әдісі арқылы өткен сабақтардағы білімдеріне қайталау жүргізді.    «Графикалық органайзер» әдісі бойынша шығармадағы тірек сөздермен жұмыс жасалды.  «АВС» әдісі арқылы мақсатқа негізделген    топтық тапсырма  жүзеге асырылды.    «Қос  жазба күнделік» әдісін қолдана отырып    шығармадағы көркем ауыстырулар бойынша  жеке, жұптық  жұмыстар жүргізілді. Рефлексия бөлімінде  «Төрт сөйлем» әдісін қолданып,  бағалау қағазы бойынша өзін-өзі бағалау жүргізілді.