13 июня 2024
«Оқуға құштар мектеп» акциясы аясында кітапханашылардың ұйымдастыруымен халық ауыз әдебиетінің қазыналы байлығы саналатын ата – бабамыздан келе жатқан өшпес мұраны насихаттау мақсатында 7 кластар арасында «Мақал – сөздің мәйегі» атты мектепішілік сайыс болып өтті.
Мақсаты: Мақал- мәтелдерді күнделікті өмірде қолдана білу, олардың тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғындыру. Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.Мақал арқылы оқушыларды адамгершілікке отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. 17. 11.2023 жыл.