Добро пожаловать!

« Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда заманауи технологияларды қолдану»

31 октября 2024

« Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда заманауи технологияларды қолдану»

Мақсаты:

Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда әр түрлі заманауи технологияларды пайдалудың жолдарын көрсету.

Міндеттері:

-Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда заманауи технологияларды қолдана отырып, оқушыларды өмірге бейімдеу, алған білім дағдыларын іскерлікпен қолдана білуге тәрбиелеу;

— Дамуындағы ауытқудың алдын алып, біріккен түрде жүмыстану(Монтессори технологиясы);

-Баланың коммуникативті және бейімделу дағдысын қалыптастыру ;

Күтілетін нәтижелер:

— Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмектеседі;

— Оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

— Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

— Оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

— Оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

-Ерекше білімді қажет ететін оқушыларды сенсорлық және сенсомоторлық дамытады;

-Қол моторикасын жетілдіреді;

— Эмоциялық ерік саласын түзетеді және жетілдіреді;

— Қарым қатынас дағдыларын қалыптастырып және әлеуметтік бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.

Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында , олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып түзете дамыту сабақтары өткізіледі. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан- жақты жүргізілетін оқу- тәрбие жұмысының нәтижесінде оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу, сонымен қатар зейінін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тілдерін дамыту, яғни танымдық қызметін дамытуда оқытушылар және арнайы маман иелері (дефектолог, логопед, психолог т.б) түрлі заманауи технологияларды қолданып келеді. Соның ішінде ең көп кездесетін технологиялардың бірі Монтессори әдісі, ойын терапиясы, арт терапия, құм терапиясы т.б. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Сонымен қатар Мектеп жасана дейінгі балалардың өзіндік реттелуі: Зерттеудің алғы шарттары туралы Л. Выготскийдің ЖАДА туралы идеясы, Флейбелдің метатану үлгісімен таныстым. Мұнан соң яғни аптаның соңғы сабағы АКТ — ны сабақ беруде пайдалану демалыс және қарым-қатынас үшін АКТ-ны сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыға айналатынын, интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін аса қажет нәрсе екенін түсіндім. Осындай дағдылар негізінде АКТ туралы білім, олардан ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану міндетті түрде қажет екендігін түсіндім. М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты — балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.»Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі — ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын.

Мұғалім-логопед: Тельман Қ.Ғ.