6 ноября 2024
5-сынып оқушыларының негізгі мектепке бейімделуінің алғышарттарының бірі – оқушының өзінің оқу қызметіне басшылық жасау, оқудың мәні мен мазмұнын түсіне біліп, мақсатты түрде оқуға өзін жұмылдырып, өз бетімен жұмыс істеуге дағдылануы қажет. Бұл кезде оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі – оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін өз бетінше жүргізу.
Осыған орай директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймуханова Ж.И., мектеп психологы А.Керекова және 5,10 сынып класс жетекшілері мен пән мұғалімдерінің қатысуымен педконсилиум өткізілді.Педконсилиумда бейімделуге қатысты психологтың зерттеулері талқыланды және пән мұғалімдері,сынып жетекшілері өз ой-пікірлерімен бөлісті.