2 апреля 2025
Мақсаты: Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқущылардың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сай нәтижелі оқыту мен дамуына жағдай жасау. Семинар барысында ППҚҚ мамандары ерекше балаларға қолдау көрсету және түзете-дамыту бағытындағы өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Соның ішінде, аутизм диагнозы бар балаларға, тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған, есту және көру қабілеті бұзылған балаларға және де психикалық дамуының кешігуі бар балаларға арналған әдіс- тәсілдерді қолдану, мұғалімдермен бірлесе отырып көрсетілді.
“Мүмкіндігі шектеулі, арманы шексіз”- шектеулерлі бұзған тарихи тұлғалар туралы мәлімет аталып өтті. Оның мақсаты денсаулығында ерекшелігі бар әлемді өзгертуге өз үлесін қосқан әйгілі жандар жайлы ақпарат беру.
Жетістікке жетуде денсаулық ерекшелігі кедергі емес екені туралы ақпарат беру. Мектебімізде білім алатын инклюзивті оқушылардың болашақта қолдау мен сенім арқылы үлкен жетістікке жететініне ЖИ платформасы арқылы жобалап көрсету.
Педагог- логопед: Тельман Қ.Ғ.
Арнайы- педагог: Ғабитқызы Г.