Добро пожаловать!

1-сынып оқушылары мектепке келген алғашқы айларда жаңа ортаға, оқу үдерісіне және тәртіпке бейімделу кезеңінен өтеді.

7 октября 2025

1-сынып оқушылары мектепке келген алғашқы айларда жаңа ортаға, оқу үдерісіне және тәртіпке бейімделу кезеңінен өтеді. Осы кезеңде балалардың зейінін, ойлауын, ұқыптылығын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған әдістемелік жұмыстарын мектеп психологы А.Керекова өткізді.
Өткізілген әдістемелер:

«Адам суретін салу» – оқушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын дамытуға көмектесті.

«Нүктелерді көшір» – көз бен қол үйлесімділігін, ұқыптылық дағдыларын қалыптастырды.

«Сөздерді көшір» – жазу дағдыларын, есте сақтау қабілетін және зейінін дамытуға ықпал етті.Бүлдіршіндермен жұмыс ұстаздары мен психолог тарапынан жыл бойына жалғасын табады.