29 октября 2025
Күзгі каникул кезінде» №13 орта мектебі» КММ кітапханашысы Г.К. Жалашеваның ұйымдастыруымен «Демалыста кітап оқимыз» атты танымдық сағат өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және рухани байлығын дамытуға бағытталды.
Іс-шара барысында балалар өздері оқыған сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, қызықты үзінділер оқыды. Сондай-ақ, түрлі ойындар мен сұрақ-жауаптар арқылы әдеби кейіпкерлер әлеміне саяхат жасады.
Кітапханадағы жылы жүзді кездесу оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, демалыс күндерін мазмұнды өткізуге мүмкіндік берді.




