26 ноября 2025
2025 жылдың 3 қазан күні мектебімізде Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Бұл шараға мектептің барлық сыныптары қатысып, ұстаздарымызға құрмет көрсету және ризашылықтарын білдіру мақсатында ұйымдастырылды.
11-сынып оқушылары мерекелік бағдарламаны жоғары деңгейде орындап, ұстаздарға арналған әндер айтып, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, іс-шараға мектепке жаңа қосылған жас мамандар да белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетті, ұстаздарға арналған арнайы шығармашылық нөмірлерін орындады.
Мерекелік іс-шара барысында ұстаздардың еңбегі, шәкірттерге берген білім мен тәрбиесі атап өтілді.
Ұстаздар күніне арналған бұл мерекелік шара оқушылар мен ұстаздардың арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайтып, мектеп ұжымы үшін есте қаларлық сәттерге толы болды.

