Қош келдіңіздер!

Фотогалерея

№13 ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ КАДЕТ КЛАСЫ АШЫЛДЫ!

 

№13 орта мектебінде полиция қызметкері Руслан Жолдыбаевтың құрметіне кадет класы ашылды. Жиын мектеп оқушыларының салтанатты сапқа тұрып, мемлекеттік туға құрмет көрсетіп, әнұран шырқаумен басталды. 25 бала кадет класына қабылданып, «Жас сақшы» арнайы куәлігі тапсырылды. Облыстық полиция департаменті мен №13 орта мектеп арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің қызметкерлері, облыстық полиция департаментің өкілдері, Руслан Жолдыбаевтың анасы, жолдасы мен қызы, туыстары, облыстық полиция департаментің өкілдері, полиция ардагерлері, кадет класының білім алушылары және олардың ата-аналары қатысты.
Ғалымжан Елеуов қатысушыларды кадет сыныбының ашылуымен құттықтап, осындай іс-шараның жастарды патриоттық тәрбиелеудегі, оқушыларды әскери қызметке дайындаудағы маңызды рөлін, ал алған білімдері оларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесетінін атап өтті. Сондай-ақ, облыстық полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов қаза тапқан полиция қызметкері Руслан Жолдыбаевтың туған-туыстары мен достарына және басқа да құрметті қонақтарға зор денсаулық тілеп, жылы лебізін білдірді.
Еске салайық, Руслан Жолдыбаев 2011-ші жылы Кеңқияқ-Шұбарши оқиғасында террористтерге қарсы іс-қимыл кезінде қаза тапты. Ол 34 жаста болатын. 1983-1993 жылдар аралығында осы мектепте оқыған. Оның артында жары мен бір қызы қалды. Қаһарман өмірден озғаннан кейін міндетін адал атқарып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде көрсеткен жігері мен жанкештілігі үшін 2-ші дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған.

Соңғы қоңырау “11 сынып”

no images were found

Соңғы қоңырау “9 сынып”

no images were found

no images were found

no images were found

no images were found

no images were found

Выпускники

no images were found

Наши выпускники

no images were found

Мектеп басшылары

no images were found

Галерея

no images were found